ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП республикалық маңызы бар «парктер шеруі -2017» байқауында жеңіске жетті

ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП республикалық маңызы бар «парктер шеруі -2017» байқауында жеңіске жетті 2017-08-25

«Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ең үздік табиғат қорғау акциясы «Парктер шеруі» атты беделді Республикалық байқауда бірінші орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздары бірнеше негізгі критериилер бойынша таңдалды: өткізілген экологиялық акциялар мен іс-шаралар саны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерін шешудің нақты нәтижелеріне қол жеткізу, «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясына барынша бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару.

Байқауға Республикалық маңызы бар 27 ерекше қорғалатын табиғи аумақ қатысты: Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, Мемлекеттік табиғи орман резерваттары, Мемлекеттік табиғи қорықтар.

«Парктер шеруі» - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолдау көрсету акциясы, оның мақсаты негізгі мәселелерге қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, оған тәжірибелік көмек көрсету, отандастарымыздың табиғи және мәдени мұрамызға деген мақтаныш сезімін ояту болып табылады.

Байқау біздің елімізде 1996 жылдан бастап өткізіліп келеді және дәстүр бойынша қар жамылғысынан кейін көктемде басталады. Байқаудың ұйымдастырушысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.


Тізімге оралу