Басшылық туралы мәлімет

Бисембаев Абай Айдарханұлы
Бисембаев Абай Айдарханұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы

1967 жылғы 21 мамырда Көкшетау облысында туған. 

1992 жылы «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін, 1996 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облыстық Құрылыс-монтаждау басқармасының жұмысшысы болып бастаған. 

1985-1987 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызмет атқарған.

1992 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері болған.

1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты болған.

1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болған.

1996-2006 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті қызметтерін атқарған.

2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

2012 жылғы қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы қызметіне тағайындалған.
 II  дәрежелі «Барыс»,«Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Толығырақ..
Баттақов  Ерлан Еркінұлы
Баттақов Ерлан Еркінұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

1969 жылғы 9 қазанда Қарағанды қаласында туған.

1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.

1995 жылы - «Алатау Инвест» инвестициялық өндірістік қорының бас маманы.

1996 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

1996 - 2007 жылдары - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры.

2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі қаржы - талдау секторының меңгерушісі.

2008 - 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.

2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2012 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Толығырақ..
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары

1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

Толығырақ..
Шөкенов Қанат Бейбітұлы
Шөкенов Қанат Бейбітұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

1981 жылғы 17 тамызда Целиноград қаласында туған.

2002 жылы құқықтану мамандығы бойынша Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, 2004 жылы қаржы мамандығы бойынша «Тұран - Астана» университетін және 2017 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Акцепт-А» ЖШС маманы болып бастаған. 2002 – 2003 жылдары «Business Real estate» ЖШС маманы болған.

2004 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК маманы болып жұмыс істеген.

2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы.

2009 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі.

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2017 – 2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Толығырақ..
Хорошун Сергей Михайлович
Хорошун Сергей Михайлович
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары
1966 жылғы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.  

1990-1995 жылдары – "Целинограджилстрой" ӨҚБ монтаждау легінің аға прорабы, бастығы.

1995-1997 жылдары –  Целинная темір жол басқармасы инвестиция және күрделі құрылыс қызметінің инспектор-қабылдаушысы, құрылыс бөлімінің инспекторы.

1997-1998 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК Жобалау және күрделі құрылыс басқармасы сапа және қабылдау жұмыстарының инспекторы, «Ақмола темір жолы» РМК күрделі құрылыс қызметінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапа және қабылдау жөніндегі инспекторы.

1998-2000 жылдары – "Горкоммунхоз" МК техникалық қадағалау бөлімінің бастығы, Күрделі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.

2000-2003 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2003-2004 жылдары – Астана қаласы «Лига Полис» ЖШС директоры.

2004-2005 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2006-2010 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2010-2019 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы 8 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

«Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен наградталған
Толығырақ..
Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы
Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы

1976 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында туған.

1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер - халықаралық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1998 - 2006 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, директор орынбасары, директор, комитет төрағасының орынбасары.

2006 - 2009 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009 - 2011 ж. – «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы.

2011 - 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Толығырақ..